Қытайға барлық рейстерін тоқтатты

Авиакомпания «Клиенттеріміз және экипаждың қауіпсіздігі – біз үшін маңызды" деп мәлімдеді.

1349482
Қытайға барлық рейстерін тоқтатты

Ұлыбританияның авиакомпаниясы British Airways жаңа типтегі коронавирус індетіне байланысты Қытайға барлық рейстерін тоқтатуға шешім қабылдады.

Компания «Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің саяхат ескертуінен кейін Қытаймен арадағы барлық рейстерді дереу тоқтаттық» деп мәлімдеме жариялады.

Авиакомпания жолаушылардан кешірім сұрап: «Клиенттеріміз және экипаждың қауіпсіздігі – біз үшін басымдық. Келесі күндері Қытайға немесе Қытайдан ұшатын жолаушылар компанияның интернет адресінен кеңірек мәлімет алуына болады» деп хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар