Былтыр шетелдіктерге 45 мыңнан астам үй сатылды

Шетелдіктерге сатылған тұрғын үй өткен жылы 2018 жылмен салыстырғанда 14,7 пайыз артты.

Былтыр шетелдіктерге 45 мыңнан астам үй сатылды

Шетелдіктерге сатылған тұрғын үй өткен жылы 2018 жылмен салыстырғанда 14,7 пайыз артты. Яғни шетелдіктерге өткен жылы 45 мың 483 үй сатылды.

Шетелдіктерге үй сатуда бірінші орында Стамбул келеді.  Стамбулда 20 мың 857 үй шетел азаматтарына сатылған. Артынан Анталия келеді.  Анталияда шетелдіктерге 8 мың 951 үй сатылған.  Анкарада 2 мың 539 үй, Бурса қаласында 2 мың 213 үй шетелдіктерге сатылған.

Түркиядан ең көп үй сатып алғандар – Ирак азаматтары. Олар 7 мың 597 үй сатып алған.  Артынан Иран азаматтары келеді.  Иран азаматтарына Түркияда 5 мың 423 үй сатылған.  Үшінші орындағы орыс азаматтарына 2 мың 897 үй, төртінші орындағы Сауд Арабиясы азаматтарына 2 мың 208 үй сатылған. Ал Ауғанстан азаматтары болса Түркияда 2 мың 191 үй сатып алған.



Ұқсас жаңалықтар