Халықаралық Мебель жәрмеңкесі Кельн қаласында ашылды

Халықаралық Мебель жәрмеңкесіне биыл 50 елден 1200 компания қатысуда.

Халықаралық Мебель жәрмеңкесі Кельн қаласында ашылды

Әлемдегі ең ірі мебель жәрмеңкелері арасындағы Халықаралық Мебель жәрмеңкесі Германияның Кельн қаласында ашылды.

Халықаралық Мебель жәрмеңкесіне биыл 50 елден 1200 компания қатысуда.

Түркиядан жәрмеңкеге 23 компания жаңа үлгідегі өнімдерін апарды.

240 мың текшеметр алаңға орналасқан жәрмеңке 10 бөлімнен құралды.

Жәрмеңкеде дивандар, залға, жататын бөлмеге қойылатын мебельдер, балалар бөлмесіне арналған мебельдер, үйге арналғана текстиль, жарықтандыру, электроникалық асхана мебельдері, әшекейлеу бұйымдары мен декорациялық өнімдердің ең жаңа үлгілері көрмеге қойылды.

Жәрмеңкеде үлкенді-кішілі үйлерге арналған және қоршаған ортаға зиянсыз өнімдер басты орынды иелеп отыр.

Әлем мебель кәсіпорындарындағы соңғы жаңалықтар көрсетілген жәрмеңке 19 қаңтарға дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар