Иран мен Иракқа рейстер қайта басталды

Түрік авиакомпаниясы екі елдің де әуе кеңістігін қолдана бастады.

Иран мен Иракқа рейстер қайта басталды

Түрік Әуе жолдары (THY)  алдынғы күні уақытша тоқтатылған рейстерін қайта бастады. Түрік авиакомпаниясы Ирак пен Иранға бағытталған ұшақ рейстерін кеше кеште қайтадан бастады.

Түрік авиакомпаниясы Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дағдарыс салдарынан кеше кешкі сағат 21-ге дейін тоқтатылған ұшақ рейстерін қайта бастауға шешім қабылдады.

Түрік Әуе жолдарының Иранға бірінші рейсі кешкі сағат 21.05-те Сабиха Гөкчен әуежайынан Тегеранға бағыт алды.

Түрік Әуе жолдарының ұшақтары екі елдің де әуе кеңістігін қолдана бастады.



Ұқсас жаңалықтар