Анталия - әлемдегі ең көп көгілдір байраққа ие қала

Түркияда 463 көгілдір байрақ алған жағажай бар.

1322322
Анталия - әлемдегі ең көп көгілдір байраққа ие қала

Анталия әлемдегі ең көп көгілдір байраққа ие қала атанды.

Анталия Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Үнал Хүлүр көгілдір байрақтың қажетті стандарттарға ие жағажай,  яхта порты және яхталарға берілетін халықаралық қоршаған орта жүлдесі, таза, күтімді,  жабдықталған сенімді және сонымен қатар дамыған табиғаттың символы екенін айтты.

Анталияда биыл 422 жағажай бақылауы жүргізілгенін білдірген Хүлүр: «Көгілдір байрақ халықаралық сапасымен де туризм тұрғысынан өте маңызды.  Себебі демалу үшін адамдар халықаралық кепілдігі бар, ерекшеліктері белгілі жерге баруды таңдайды. Көгілдір байрақ - сондықтан туризмнің мықты құралдарының бірі» деді.

Түркияда 463 көгілдір байрақ алған жағажай бар. Солардың ішінде 202 байрақ – Анталияда.



Ұқсас жаңалықтар