Телль-Абиадта алғашқы фирма ашылды

Террорден тазаланған ауданда тұрмыс қалыпқа ене бастады.

Телль-Абиадта алғашқы фирма ашылды

«Бейбітшілік бұлағы» операциясында террорлық ұйым YPG/PKK-дан тазаланған Сирияның Телль-Абиад ауданында сауда істерін жылдамдататын алғашқы фирма ашылды.

Түркияның Шанлыурфа қалалық әкімшілігі әкім Абдуллах Ерин және делегациясының алғашқы фирманың ашылу салтанатына қатысқанын хабарлады.

Әкім Ерин Акчакале кеден қақпасының тап қарсы жағында шекарада сириялық кәсіпкер Хашим әбу Хашим құрған фирманың ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ол Телль-Абиад пен Расулайнда тұрмыстың қалыпқа келгенін және көптеген отбасының өзінің үйлеріне орналасқанын еске салды.

Әкім Сирия мен Түркия арасында сауда қарым-қатынастарын қайта жандандыруды жоспарлағандарын білдірді. «Азаматтық соғыс және террорлық ұйымның басқыншылығы салдарынан тоқтап қалған сауда-экономикалық қатынастар қайта басталады.  Осындай фирмалар да сауданы жандандырады. Телль-Абиад және Расулайн аудандарында ауыз суы,  инфрақұрылым,  қатынас және басқа да қала қызметтері беріле бастады. Алдағы күндерде егіншілік және сауда саласында істер жүзеге асырылады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар