Анталияға келген турист саны артты

Орыс туристердің саны өткен жылға қарағанда 16 пайыз артты.

Анталияға келген турист саны артты

Әлемнің түкпір-түкпірінен турист тартқан Анталияға әуе жолымен келген турист саны 15 миллионнан асты.  Анталияға қаңтар-қараша айларында келген турист саны өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 17 пайыз артты.

Анталия Мәдениет және туризм дирекциясының деректеріне қарағанда,  өткен жылы 13 миллион 642 мың турист санымен рекорд жасаған қала биыл 11 айда 15 миллионнан көп туристі күтіп алды.

Қалаға келген туристердің елдеріне қарай сараптайтын болсақ, бірінші орында орыстар келеді.  1 қаңтар-30 қараша күндері арасында Ресейден 5 миллион 524 мың 160 турист келді. Орыс туристердің саны өткен жылға қарағанда 16 пайыз артты.

Екінші кезекте немістер келеді.  Неміс турист саны 2 миллион 602 мың 725 болып тіркелді.  Германия нарығы 15,5 пайыз артты.

Қалаға келген турист саны бойынша кезекпен Украина,  Ұлыбритания,  Польша,  Голландия,  Румыния, Қазақстан, Чех Республикасы келеді.



Ұқсас жаңалықтар