Газпром биыл зиян тартты

Газпромның пайдасы өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 45 пайыз азайып 212 миллиард рубльге төмендеді.

Газпром биыл зиян тартты

Орыс энергия компаниясы Газпромның ағымдағы жылдың үшінші ширегіндегі нақтылы пайдасы өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 45 пайыз азайып 212 миллиард рубльге төмендеді.

Газпромнан жасалған мәлімдемеде компанияның үшінші ширектегі пайдасының 2018 жылдың ұқсас мезгілімен салыстырған 37 пайыз азайып 587 миллиард рубльге төмендегені білдірілді.

Компанияның нақ пайдасының өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 45 пайыз азайып 212 миллиард рубльге (мөлшермен 3.3 миллиард доллар) төмендегені, бұл шегіністің басты себебінің табиғи газ экспорт мөлшеріндегі және  бағалардағы төмендеу екені білдірілді.

Мәлімдемеде Газпромның ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңіндегі нақтылы пайдасының өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 3 пайыз артып бір триллион рубльге көтерілгені хабарланды.

Әлемдегі ең ірі табиғи газ өндірісшісі Газпромның нақтылы пайдасы өткен жылы 1.5 триллион рубль болған еді.

Газпром атқарған жобалар арасындағы   Ресей газын Қытайға тасымалдайтын Сібірияның  күші табиғи газ құбыр желісінің 2 желтоқсанда іске қосылуы күтілуде. Орыс газын Түркия мен Еуропаға тасымалдайтын  Түрік Ағымы табиғи газ құбыр желісінің жылдың соңында іске қосылуы жоспарланып отыр.

 



Ұқсас жаңалықтар