Вице-президент Фуат Октай ТҰҰМ президенттіктің бюджетін ұсынды

2018 жылы Түркияға тікелей жасалған инвестиция мөлшері 12,6 пайыз артқанын атап көрсетті.

Вице-президент Фуат Октай ТҰҰМ президенттіктің бюджетін ұсынды

Вице-президент Фуат Октай 2018 жылы бүкіл әлемде тікелей салынған инвестициялардың 13 пайыз азайғанына қарамастан Түркияға келген инвестициялардың 12,6 пайыз артқанын атап көрсетті.

Фуат Октай Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Жоспарлау және Бюджет комиссиясында президенттіктің 2020 бюджетін ұсынды.

Инвестиция офисінің елге 2018 жылы 518 миллион 750 мың доллар инвестиция тартқанын атап көрсеткен Октай осы аяда 1 мың 106 адамды жұмыспен қамдағандарын атап көрсетті.

Октай «Мемлекетте үлкен ақпараттық қор мен жасанды интеллект жұмыстарының қолданысын қамтамасыз ету мақсатты Ұлттық жасанды интеллект стратегиясының жылдың аяғында жариялануы жоспарланады» деді.

Октай «2002 жылы 66 болған қорғаныс өнеркәсібі жобасы саны қазір 700-ке ұласты» деп мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар