Түрік Әуе Жолдары Шиан қаласына ұшақ сапарын бастайды

Түрік Әуе Жолдарының Қытай Халық Республикасына жасалған өзара ұшақ рейсі аптасына 24 мәртеге жетеді.

1302374
Түрік Әуе Жолдары Шиан қаласына ұшақ сапарын бастайды

Түрік Әуе Жолдары Қытай Халық Республикасының Шиан қаласына ұшақ сапарын бастайды.

Түрік Әуе Жолдары баспасөз хатшылығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Қытай Халық Республикасына алғашқы ұшақ сапарын 1999 жылы Пекинге бастаған Түрік Әуе Жолдары осы елдегі 20-шы жылында Пекин, Шангай және Гуангжоу қалаларынан кейін 4-ші аялдама ретінде Шиан қаласын ұшақ рейстері желісіне қосты.

Түрік Әуе Жолдары Әкімшілік кеңесі мен Атқару көмитетінің төрағасы Илкер Айжы Қытайдың Шанши уәлаяты Партия комитетінің Бас хатшысы Ху Хыпингпен 5 қарашада өткізген кездесуінен кейін Шиан қаласына ұшақ рейсін бастау тақырыбында келісімге келді. Биылғы жылдың соңында басталуы жоспарланған сапарлар алғашқы сатыда аптасына 3 мәрте іске асады.

Ұшақ сапарларында 2020 жазғы маусымнан бастап біртіндеп арту жоспарлануда. 

Шианға ұшақ рейсінің басталуымен Түрік Әуе Жолдарының Қытай Халық Республикасына жасалған өзара ұшақ рейсі аптасына 24 мәртеге жетеді.



Ұқсас жаңалықтар