Азиядан Еуропаға қарай жолға шыққан алғашқы пойыз Анкараға ұласты

Қытайдың Шиан қаласынан жолға шыққан сауда пойызы «China Railway Express» Анкараға ұласты.

Азиядан Еуропаға қарай жолға шыққан алғашқы пойыз Анкараға ұласты

Қытайдан Еуропаға қарай жолға шыққан және Мармарайды қолданып, Еуропаға өтетін алғашқы жүк пойызы Анкараға ұласты.

Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Қытайдың Шиан қаласынан жолға шыққан «China Railway Express»-тің бүгін Анкараға келгені аталып, «Бұл жаңалық еліміз қадағалаған шығыс пен батыс арасындағы қарым-қатынасты жетілдірудің соңғы үлгісі болып табылады» делінді.

Мәлімдемеде Түркияның соңғы жылдары жетілдірілген қатынас инфрақұрылымы арқылы Азия мен Еуропа арасындағы толық байланысты қалыптастыруға үлкен үлес қосқанына назар аударылып, «Осы мақсатқа қызмет ететін жүйе ретінде Каспий арқылы өтіп, Шығыс-Батыс Орталық коридоры аясындағы ортақтармен бірге қажетті қадамдарды басу ең орынды әдіс» делінді.

Қытайдан жолға шығып, Мармарайды қолданып, Еуропаға өтетін алғашқы жүк пойызы «China Railway Express» Карс қаласы арқылы Түркияға кірген еді.

Пойыз Түркияда Ахылкелек, Карс, Эрзурум, Эрзинджан, Сивас, Кайсери, Кырыккале, Анкара, Эскишехир, Коджаели, Стамбул (Мармарай) және Капыкуле (Эдирне) бағытын қолдануда.



Ұқсас жаңалықтар