ЕО мүшелерін бюджет жоспары тақырыбында ескертті
Еуропа Одағы комиссиясы мүшелерінің 2020 бюджет жоспарының одақтың қаржы қағидаларына үйлеспегенін ескертті.
Еуропа Одағы комиссиясы Италия, Франция, Бельгия, Испания, Португалия және Финляндия елдерінің 2020 бюджет жоспарының одақтың қаржы қағидаларына үйлеспегенін ескертті.
Еуропа Одағы комиссиясы мүше елдердің 2020 бюджет жобаларына байланысты алғашқы бағаландырулардың аяқталғанын жариялады.
Мәлімдемеге қарағанда Еуропа Одағы комиссиясының басшылары 2020 бюджет жоспарының одақтың қаржы қағидаларына үйлеспегені анықталған Италия, Франция, Бельгия, Испания, Португалия және Финландия елдеріне түрліше ұсыныстар жасалған хат жолдады.
Еуропа Одағы комиссиясы өткен жылы Италияның бюджет жоспарының одақтың қаржы қағидаларына үйлеспегені себепті қабылдамаған болатын. Еуроодақ Италияның мемлекеттік қарызды азайту кепілдігінен кейін елге бағытталған тәртіп процесін аяқтатқан.
Еуроодақ ережелеріне сай мүше елдердің бюджет бостықтарының таза ұлттық кірістің 3 пайызынан, мемлекеттік қарыздарының да таза ұлттық кірістің 60 пайызынан аспауы шарты бар.
Ұқсас жаңалықтар
Силифке йогурты географиялық белгі тіркеуін алды
Бұл туралы Түркия Палаталар және биржалар одағының президенті Рифат Хисаржыклыоғлу мәлімдеді.