Қытайдан жолға шыққан жүк пойызы Түркиядан өтеді

Жүк пойызы бұғаздан өтіп, Еуропаға жетеді.

1286470
Қытайдан жолға шыққан жүк пойызы Түркиядан өтеді

Қытайдан жолға шығып, Мармарайды қолданып Еуропаға жететін алғашқы жүк пойызы China Railway Express 5 қараша күні Түркияға келіп жетеді.

Түркия Республикасы Мемлекеттік теміржолдарының мәліметіне қарағанда,  China Railway Express Қытайдан басталған сапарын Каспийден өтетін халықаралық қатынас маршруты "Trans-Caspian International Transport Route (TITR)" арқылы жүзеге асырады.

5 қараша күні Түркияға келіп жетуі жоспарланған пойыз Мармарайдан өтіп,  Еуропаға жететін алғашқы жүк пойызы ретінде тарихта қалады.

Пойыздың өтуіне байланысты мәселелер Қазақстан Теміржолдары мекемесінің төраға орынбасары Павел Соколов басшылығындағы делегацияның ТР Теміржолдары бастығы Али Ихсан Уйгунмен кездесуінде қарастырылды.



Ұқсас жаңалықтар