Стамбул 15 миллион турист санына жақындап қалды

Бұған Еуропа және Солтүстік Америка елдерінен келген туристердің саны ықпал етті.

1284855
Стамбул 15 миллион турист санына жақындап қалды

Стамбул 15 миллион турист санына жақындап қалды.

Бұған Еуропа және Солтүстік Америка елдерінен келген туристердің саны ықпал етті.

Биыл тамыз айы санақтарына қарағанда, 10 миллион турист келген Стамбулға өткен жылдың сегіз айымен салыстырғанда 1 миллионнан артық турист келді. 2018 жылдың сегіз айында 8 миллион 874 мың 584 турист келсе,  биыл бұл сан 9 миллион 983 мың 647 болды.

Бұл деректер Стамбул үшін мақсат етілген 15 миллион турист нысанасына жақын қалғанын көрсетеді. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінен келген турист саны артты.

Сегіз айда неміс туристердің саны 6,4 пайыз артты. Сонымен бірге Стамбулға келген Польша туристерінің саны 46,6, Литвадан келгендердің саны 45,5, Португалия туристерінің саны 41,5 пайыз артты.

 



Ұқсас жаңалықтар