Инвестиция салуға шақырды

Вучич «Түрік халқы – еңбекқор. Президент Ердоған да өз өмірін елінің дамуы үшін арнаған тұлға» деді.

1283723
Инвестиция салуға шақырды

Сербия президенті Александр Вучич серб іскерлерге: «Мүмкіндіктен пайдаланыңыздар,  Түркияға қалай инвестиция жасайтынын,  Түркиядан қалай инвестиция тарту керектігін қарастырыңыз» деді.

Вучич президент Режеп Тайып Ердоғанның сапары шеңберінде Сербия сарайында өткен Түркия-Сербия Бизнес форумында сөз сөйледі.

Балқан елдері арасында Түркиямен ең жақсы сауда-экономикалық қатынастарға ие елдің Сербия екенін атап көрсеткен Александр Вучич түрік іскерлерін де Сербияға көп инвестиция салуға шақырды.

Вучич президент Ердоғанның Түркияда билікке келген кезде 3500 доллар деңгейінде болған адам басына шаққанда ұлттық табыстың бүгін 11 мың долларға шыққанына назар аударды. «Осындай істі тындырған басқа бір лидер көрсетіңіз» деді ол.

Вучич «Түрік халқы – еңбекқор. Президент Ердоған да өз өмірін елінің дамуы үшін арнаған тұлға» деді.

Серб іскерлерге кеңес берген президент Вучич: «Мүмкіндіктен пайдаланыңыздар,  Түркияға қалай инвестиция жасайтынын,  Түркиядан қалай инвестиция тарту керектігін қарастырыңыз» деді.

Вучич түрік іскерлерге әсіресе Сербияның шипалы суларына инвестиция салуға шақыру тастады.



Ұқсас жаңалықтар