Қытайдың Пекиндегі жаңа әуежайы жұмысын бастады

Пекиннің 46 километр солтүстігіне орналасқан Дашинг Әуежайында алғашқы жолаушы ұшағы рейсі басталды.

1276405
Қытайдың Пекиндегі жаңа әуежайы жұмысын бастады

Қытайдың астанасы Пекинде жаңа әуежай жұмысқа ашылды.

Қытай хабар агенттігі Шинхуаның хабарына қарағанда Пекиннің 46 километр солтүстігіне орналасқан Дашинг Әуежайында алғашқы жолаушы ұшағы рейсі басталды.

Әуежайдан ұшқан алғашқы ұшақ Қытай Оңтүстік әуежайының Пекин-Гуанжоу ұшағы болды. 

Артынан 6 компания да алғашқы ұшақ рейстерін бастады. 

Лауазымдылар әуежай ғимараты "Теңіз жұлдызы" үлгісімен жобаланған әуежайдың 2025 жылға дейін мөлшермен 72 миллион жолаушы мен 2 миллион тонна жүк тасу күшіне жететінін мөлшерлеуде. 

Пекиннің 32 километр солтүстік шығысындағы Пекин Астана әуежайы бүгінге дейін ұлттық және халықаралық ұшақ рейстерінде негізгі трансфорт орталығы міндетін атқарып келген.

1958 жылы салынған әуежай 2018 жылы 100 миллион 983 мың 290 жолаушы және 2 миллион 74 мың тонна жүк тасымалдау күшімен қызмет атқарып келді.

Пекинде сонымен бірге қаланың 13 километр оңтүстігінде 1913 жылы салынған Нанянг әуежайы бар.

Дашинг әуежайының қызметке бастауымен  көмекші міндетін атқарған бұл әуежайдың жабылуы жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар