Валюта алуға шектеме келтірілді

Елде Ресми газетте жарлық жарияланды.

1262135
Валюта алуға шектеме келтірілді

Аргентинада банктер,  барлық компаниялардың валюта алуына және шетелге жіберуіне шектеме келтірілді.

Елде Ресми газетте жарлық жарияланды. Жарлыққа қарағанда, қолдарындағы валютаны айырбастайтын және шетелге жіберетін банктер мен экспорт жасайтын компаниялар Орталық банктен рұқсат алуы керек.

Бұл жарлықтың үкімдері жылдың аяғына дейін күшінде болады. Жарлықта: «Осы шаралар экономикалық қалыпты ісін нығайтуды, валюта нарығының басқарылуына үлес қосуды,  қаржылай өзгерістердегі толқынды азайту және қаржы трансферінің реал экономикаға әсерін азайтуды мақсат етеді» деп айтылды.

Ірі компанияларға шектеме келтірген осы жарлық арқылы нарықтағы валюта спекуляциясымен бірге шағын және орта мөлшердегі инвесторлардың қорғалуы мақсат етілген.

Сонымен бірге Орталық банктың хабарламасына қарағанда заңды тұлғалардың да айына 10 мың доллар алуына рұқсат беріледі.  



Ұқсас жаңалықтар