Түрік ағыны жұмыстары тамамдалуға аз қалды

Түрік ағыны жылына 31,5 миллиард текшеметр табиғи газ жеткізу деңгейіне ие болады.

1252452
Түрік ағыны жұмыстары тамамдалуға аз қалды

Түрік ағыны жылына 31,5 миллиард текшеметр табиғи газ жеткізу деңгейіне ие болады.

Орыс газы Түркияға жеткізіледі және бұл жерден де Еуропаға тасымалдайтын Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісінің Фракия жағажайындағы Киыкөйде орын алған стансасындағы құрылыс жұмыстарының 95 пайызы тамамдалды.

Түрік ағыны жобасы фирмасынан жасалған мәлімдемеде жұмыстардың күн тізбекке үйлесімді түрде ілгерілегені және табиғи газ ағынының  2019 жылы аяғында басталатыны баяндалды.

95 пайызы тамамдалған құрылыс жұмыстарында 100-ге тарта аймақ қамтылады, сондай-ақ   тікелей және жанамалай түрде 1 мың 700-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Мәлімдемеде «Түрік ағыны жылына 31,5 миллиард текшеметр табиғи газ жеткізу деңгейіне ие болады. Бұл санақ 15 миллион отбасының жылдық энергия қажеттілігін қамтамасыз етеді» делінді.

        

 



Ұқсас жаңалықтар