Шетелдіктерге үй сатуда рекорд

Шетелдіктерге 20 мыңға жуық үй сатылды.

1240976
Шетелдіктерге үй сатуда рекорд

2019 жылдың алғашқы жартысында шетелдіктерге тұрғын үй сатуда рекорд болды.  Шетелдіктерге 20 мыңға жуық үй сатылды.

Өткен жылдың қаңтар-маусым айларында 11 мың 816 үй шетелдіктерге сатылып еді,  2019 жылдың осы кезеңінде бұл сауда 68,9 пайыз артып, 19 мың 952 үй сатылды. Маусым айында шетелдіктерге тұрғын үй сату 30,5 пайыз артты.

Жылдың алғашқы жартысында шетелдіктерге тұрғын үй сатуда Стамбул бірінші орында.  Стамбул қаласында 8 мың 903 үй сатылды.  Анталияда 4 мың 93 үй, Анкарада 1111 үй шетелдіктерге сатылды.

Түркиядан үй сатып алған шетелдіктер арасында бірінші орынды Ирак азаматтары иеленіп тұр. Екінші орында Иран, үшінші орында Ресей, төртінші орында Сауд Арабиясы,  бесінші орында Ауғанстан азаматтары келеді.



Ұқсас жаңалықтар