Ресей Түркияға ұшақ сатуға дайын

Сергей Чемезов Ресейдің Түркияға Су-35 әскери ұшағын сатуға дайын екенін білдірді.

1238277
Ресей Түркияға ұшақ сатуға дайын

Ресейдің мемлекеттік қорғаныс өнеркәсібі компаниясы Ростехтің басшысы Сергей Чемезов Ресейдің Түркияға Су-35 әскери ұшағын сатуға дайын екенін білдірді.

Чемезов Түркия мен Ресей әскери техникалық ынтымақтастығы жөнінде мәлімдеме жасады.

Түркияға орыс әскери ұшағын сатуды ұсынған Чемезов: «Егер түрік әріптестер қаласа,  біз Су-35 ұшағын беруге дайынбыз» деді.

Қос моторлы Су-35 ұшақтары түрлі мақсаттарда қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар