Түркия Еуропа Одағы елдерімен 564.5 миллион еуролық артық сауда жасасты

Түркия мамыр айында Еуропа Одағы елдерімен 564.5 миллион еуролық артық сауда жасасты.

Түркия Еуропа Одағы елдерімен 564.5 миллион еуролық артық сауда жасасты

Түркия мамыр айында Еуропа Одағы елдерімен 564.5 миллион еуролық артық сауда жасасты.

Еуропа Статистика ұйымы (Eurostat) Еуропа Одағы және Еуро аймағының мамыр айындағы халықаралық сауда санды мәліметтерін жариялады.

Санды мәліметке қарағанда Түркия мамыр айында Еуроодаққа 6 миллиард 873 миллион еуролық экспорт жасаған. Еуроодақтан 6 миллиард 309.3 миллион еуролық импорт жасаған Түркияның мамырдағы сауда артығы 564.5 миллион еуроға жеткен. 

Түркияның Еуропа Одағы елдерімен саудасында 2018 жылы тамыздан бері экспортта арту болды.   Түркияның Еуропа Одағы елдерімен саудадағы артығы тамызда 745.5 миллион еуро, қыркүйекте 467.7 миллион еуро, қазан айында бір миллион 723.7 миллион еуро, қарашада бір миллиард 485.7 миллион еуро, желтоқсанда 765.8 миллион еуро болды. Ал 2019 жылы қаңтарда бір миллиард 783.7 миллион еуро, ақпанда 841.1 миллион еуро, наурыз айында 126.8 миллион еуро және сәуірде 857.8 миллион еуроға жетті.

Осылайша Түркия Еуроодақпен саудасында соңғы 10 айда келісімді сауда мөлшерін арттырды.

Түркия ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында Еуроодаққа 34 миллиард еуролық экспорт жасады. Еуроодақтан 29.8 миллиард еуролық импорт жасады. Экспорт импорттан 4.2 миллиард еуро артық іске асты.



Ұқсас жаңалықтар