Иран Bitcoin-ге тыйым салды

Иран криптовалюта бірлігі Bitcoin-мен операциялық істерге тыйым салды.

1232908
Иран Bitcoin-ге тыйым салды

Иран криптовалюта бірлігі Bitcoin-мен операциялық істерге тыйым салды.

Иранның ресми ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасаған Орталық банк төрағасының орынбасары Насыр Хакими Лас ақшамен күрес Жоғары кеңесінің шешімімен Bitcoin-мен іс атқаруға тыйым салынғанын білдірді.

Криптовалютаны қолданушыларға осы автивтерге инвестиция салудың қауіптері жөнінде ескерту жасаған Хакими: «Иранда Bitcoin алып-сатуға тыйым салынған. Bitcoin-ның құны қатты толқитын болғандықтан,  заңды қауіптері көп. Сондықтан азаматтардың осы ойынға кірмеуіне кеңес беремін» деді.

Хакими Bitcoin өндіруге болса әлі тыйым салынбағанын білдірді.

Америка Құрама Штаттарының санкциялары салдарынан халықаралық сауда тақырыбында проблема артқан Иранда Bitcoin бағасы артып,  криптовалютамен сауда көбейген болатын.



Ұқсас жаңалықтар