Кемемен Кушадасына 4 мың 400 жолаушы келді

Гүнгөр: "2019 жылғы туризм маусымының соңына дейін 102 кемемен келетін 79 мың 542 жолаушыны күтіп отырмыз".

1216789
Кемемен Кушадасына 4 мың 400 жолаушы келді

Жолаушы кемесі туризмінің маңызды орталығы Айдынның Кушадасы ауданын 4 үлкен кемемен келген 4 мың 400 жолаушы тамашалады.

Эгей Порт кемежайына келіп тоқтаған Бахама туын асқан "Марелла Дисковери" 2 мың 846 жолаушыны, Малта туын асқан "Селестиал Олимпиа" мың 664 жолаушыны, Бахама туын асқан "Уинд Стар" кемесі 170 жолаушыны және Малта туын асқан "Стар Флаер" кемесі 120 жолаушыны Кушадасына әкелді. 

Кемелермен келген көпшілігі америкалық жолаушылардың кейбіреуі автобустармен Эфес ежелгі қаласы мен Мәриям Ана және басқа тарихи қала қалдықтарын тамашалауға барды.   Тур бағдарламасына қатыспаған жолаушылар аудан орталығында сауда жасады.

Кушадасы Эгей кемежайы басқармасының төрағасы Азиз Гүнгөр түрік кеме туризміндегі жандылықтың барған сайын артқанын айтты.

Кемежайға 56 үлкен кемемен 46 мың 602 жолаушы келгенін білдірген Гүнгөр:

"2019 жылғы туризм маусымының соңына дейін 102 кемемен келетін 79 мың 542 жолаушыны күтіп отырмыз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар