ICCI 28 мамыр күні Стамбулда басталады

25-ші Халықаралық энергия және қоршаған орта жәрмеңкесі мен конференциясы (ICCI ) 28 мамыр күні Стамбулда басталады.

1207920
ICCI 28 мамыр күні Стамбулда басталады

ICCI 28 мамыр күні Стамбулда басталады.

Энергия секторының ең маңызды өкілдері бас қосатын 25-ші Халықаралық энергия және қоршаған орта жәрмеңкесі мен конференциясы (ICCI) 28 мамыр күні Стамбулда басталады.

Стамбул жәрмеңке орталығында 28-30 мамыр күндері өтетін жәрмеңке мен конференцияға Энергия және табиғи ресурстар министр орынбасары Абдуллах Танжан, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі өнеркәсіп, сауда, энергия, табиғи ресурстар және технология комиссиясы төрағасы Мұстафа Елиташ пен энергия нарығы реттеу мекемесінің лауазым иелері қатысады.

Энергия секторындағы соңғы жағдайлар қолға алынатын іс-шарада профессор Илбер Ортайлы да «Энергия соғыстары және тарихы» атты баяндама жасайды.



Ұқсас жаңалықтар