Батыс Жерорта теңізінен 157 миллион долларлық көкөніс пен жеміс-жидек экспорт етілді
Ең көп экспорт жасалған елдер арасында Ресей мен Алмания басты орында.

Батыс Жерорта теңізінен әлемдегі 141 елге ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында 157 миллион долларлық жаңа көкөніс пен жеміс-жидек экспорт етілді.
Батыс Жерорта теңізі Экспортшылар одағынан білдірілген мәліметтерге қарағанда, аталмыш экспорттың 130 миллион долларын балғын көкөніс құрады.
Экспорт салыстырмасында 61 миллион 547 мың доллармен қызанақ бірінші орынды иеледі. 43 миллион доллармен көк бұрыш екінші, 10 миллион доллармен қияр үшінші орынға тіркелді.
Ең көп экспорт жасалған елдер арасында Ресей мен Алмания басты орында.
Ресейге 23 миллион 460 мың доллар, Алманияға 23 миллион 435 мың долларлық көкөніс пен жеміс сатылды.
Румынияға 22 миллион доллар, Болгария мен Украинаға 15 миллион доллардан экспорт жасалды.
Ұқсас жаңалықтар

Тұтынушы сенім индексі 4 пайыз артты
Түркия статистикалық мекемесі қаңтар айына қатысты тұтынушы сенім индексін жариялады.

Түркияның техника экспорты 17,1 миллиард доллардан асты
Техника Экспортшылар Одағы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.