ЕО уәде берілген 6 миллиард евролық фондтан қазірге дейін 2,22 миллиард евро бөлді

Түркиядағы сириялықтарға қаржылай көмек бағдарламасының 12-ші басқару комитеті жиналысы Брюссельде өтті.

ЕО уәде берілген 6 миллиард евролық фондтан қазірге дейін 2,22 миллиард евро бөлді

Еуропа Одағы Түркиядағы сириялықтар үшін уәде берілген 6 миллиард евролық фондтан қазірге дейін 2,22 миллиард евро бөлді.

ЕО Комитеті Түркиядағы сириялықтарға қаржылай көмек бағдарламасының 12-ші басқару комитеті жиналысының Брюссельде өткенін жариялады.  Комитет жиналысында қаржылай көмек бағдарламасына байланысты жылдық есептің тексерілгені айтылды, босқындарға көмек мақсатында 845 миллион евролық түрлі жоба ұсыныстарын қарау үрдісінің аяқталғаны білдірілді.

Хабарламада Түркиядағы сириялық азаматтарға қолдау көрсету үшін құрылған фондтың барлығы 6 миллиард евро бюджеті бар екені,  фондқа 4,2 миллиард евро бөлінгені, 3,45 миллиард евролық келісім жасалғаны және 2,22 миллиард евро төленгені атап көрсетілді.

Еуропа Одағы 2015 жылдың 29 қараша күні Түркия-ЕО саммитінде Түркиядағы сириялық азаматтар үшін 3 миллиард евролық фонд қамтылатынына уәде берген еді.  18 наурыз күнгі жиналыста болса 3 миллиард евролық қосымша фондтың жүзеге асырылуына шешім берілген болатын.

Фондтар Түркиядағы Сирия азаматтарының медицина,  білім беру,  инфрақұрылым,  азық-түлік және басқа да мұқтаждықтары үшін жүзеге асырылатын жобаларға төленеді.



Ұқсас жаңалықтар