Анталияға келген турист саны қала халқының санымен тең

Анталияға 4,5 айда 178 елден 2 миллион 347 мың 152 турист келді.

Анталияға келген турист саны қала халқының санымен тең

Шамамен 2,5 миллион тұрғын саны бар туризмнің бас қаласы Анталияға 4,5 айда 178 елден 2 миллион 347 мың 152 турист келді.

Анталия Мәдениет және туризм басқармасының деректеріне қарағанда,  әлемнің ең маңызды туристік орындарының арасындағы қалаға 1 қаңтар мен 15 мамыр күндері арасында келген турист саны өткен жылмен салыстырғанда 24 пайыз артты.

Былтыр алғашқы 4,5 айда 1 миллион 891 мың 428 шетелдік турист келген Анталияға биыл 178 елден 2 миллион 347 мың 152 турист келді.

Осылайша қала өз тұрғын санындай туристі қонақ қылды.

Анталияға келген туристерді елдеріне қарай сараптасақ,  бірінші орында Ресей келеді.  Орыс турист саны былтырға қарағанда 30 пайыз артып, 819 мың 406 болды.

Екінші орында 475 мың 198 туристпен Германия,  артынан 140 мың 606 туристпен Ұлыбритания келеді. Ұлыбританиядан кейін кезегімен Голландия, Украина, Польша, Литва, Израиль, Бельгия мен Дания келеді.



Ұқсас жаңалықтар