Халықаралық сулардан жолаушы кемелері Мармариске келіп жатыр

"Хоризон" атты дәу кеме көпшілігі испандардан құралған 1400 жолаушысы және 500 кісілік экипажымен Мармарис кемежайына келді.

Халықаралық сулардан жолаушы кемелері Мармариске келіп жатыр

Малтаның байрағын асқан үлкен кеме Мармарис кемежайына келіп тоқтады. 

"Хоризон" атты дәу кеме көпшілігі испандардан құралған 1400 жолаушысы және 500 кісілік экипажымен Мармарис кемежайына келіп тоқтады.

Кемедегі жолаушылар кедендегі тексерулерінен кейін Мармарис базарын, қамалды және яхта кемежайын тамашалады. 

Туристтердің біразы кофелерде демалды, кейбіреулері сауда жасады.

Ортажаның Далян және Уланың Акяка аймақтарына ұйымдастырылған турларға қатысқан жолаушылар Ичмелер, Орхание, Тургут, Байыр және Гөкче аймақтарындағы туристтік мекендерді тамашалады. 

Мармаристе туристерді күтіп алуға жауапты Бора Баязыт туристердің ауданға үшінші мәрте келгенін айтты.

Мармариске биыл 40 мөлшерінде үлкен жолаушы кемесінің келетінін білдірген Баязыт:

"Хоризон атты үлкен кеменің Мармарис ауданына тағы да 16 мәрте келетінін" айтты.   



Ұқсас жаңалықтар