Песков АҚШ пен Қытайдың сауда соғысына тоқталды

"АҚШ пен Қытай сауда соғысына кіруі мүмкін, алайда,бұл біздің соғысымыз емес. Ресей Вашингтон және Пекинмен тәуелсіз қарым-қатынастарды дамытуды қалайды".

Песков АҚШ пен Қытайдың сауда соғысына тоқталды

Ресей Президенттік сарайы Кремльдің мәлімдемешісі Дмитрий Песков Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы "Сауда соғысының" жаһандық экономикаға болымсыз әсерін тигізетінін білдірді.

Песков АҚШ пен Қытай арасындағы сауда кездесулерінен бір нәтиже шықпауынан кейінгі оқиғаларға бағыттап астана Мәскеуде бағаландырулар жасады.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының жаһандық экономикаға да әсерін тигізетінін білдірген Песков:

"Бұл әсер тек қана болымсыз бағытта емес. Алайда аталмыш соғыстың Ресей экономикасына жасауы мүмкін әсерін де асқындырмаған жөн. Экономикамыз талабымызға сай жылдам өспеуде, алайда жеткілікті мөлшерде тұрақты түрде дамып келеді" деп көрсетті.

Ресейдің аталмыш сауда соғысына қарата басатын қадамына да тоқталған Песков:

"АҚШ пен Қытай сауда соғысына кіруі мүмкін, алайда бұл біздің соғысымыз емес. Ресей Вашингтон және Пекинмен тәуелсіз қарым-қатынастарды дамытуды қалайды" деді.

Песков АҚШ-тың Иранға бағытталған қысымды саясатын да сынға алып:

"Иранды тығырыққа тіреуге ұмтылған саясаттан әсте нәтиже шықпайды. Керісінше келіссөз бен шешім процесінің жолы тосылады" деп көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар