Ресейдің сыртқы сауда профициті артты

Ресейдің сыртқы сауда профициті жылдың алғашқы ширегінде 5,8 пайыз артып, 51,1 миллиард долларға жоғарылады.

1200205
Ресейдің сыртқы сауда профициті артты

Ресейдің сыртқы сауда профициті үстіміздегі жылдың алғашқы ширегінде 2018 жылмен салыстырғанда 5,8 пайыз артып, 51,1 миллиард долларға жоғарылады.

Ресей Федеральдық кеден қызметі (ФТС) мағлұматтарына қарағанда елдің экспорты биылдың қаңтар-наурыз кезеңінде 2018 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайыз өсіп, 104,9 миллиард долларға, импорты болса 2,4 пайыз төмендеп 53,8 миллиард долларға шегерілді.

Ресейдің жалпы сауда көлемі болса қаңтар-наурыз айларында 2018 жылмен салыстырғанда 0,1 пайыз артып, 158,6 миллиард долларға өсті. Аталмыш кезеңде сыртқы сауда профициті 5,8 пайыздық өсіп 51,1 миллиард долларға ұласты.

Әлемнің ең үлкен мұнай және табиғи газ экспортшыларының бірі Ресейдің экспортында жанармай және энергия өнімдерінің үлесі болса аталмыш кезеңде 2017-мен салыстырғанда 65 пайыздан 66,4 пайызға артты.



Ұқсас жаңалықтар