Ресейдің мұнай табысы 29,1 миллиард долларға ұласты

Ресей Федеральдық кеден қызметі энергия табыстарын жариялады.

Ресейдің мұнай табысы 29,1 миллиард долларға ұласты

Ресейдің мұнай экспорты табыстары үстіміздегі жылдың алғашқы ширегінде 2018 жылмен салыстырғанда 3,1 пайыз артып 29,1 миллиард долларға ұласты.

Ресей Федеральдық кеден қызметі мағлұматтарына қарағанда Ресейде мұнай экспорты көлемі жылдың алғашқы ширегінде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызбен 65,9 миллион тоннаға шықты.

Ресейдің табиғи газ экспорты болса жылдың алғашқы 3 айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайыз төмендеп, 61,5 миллиард текшеметрге шегерілді. Сұйытылған табиғи газ (LNG) экспорты болса 19,7 пайыз өсіп 11,7 миллион текшеметрге өсті.

Ресей 2018 жылы мұнай экспортынан 129 миллиард доллар, табиғи газ экспортынан 49,1 миллиард доллар табыс түсірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар