Түркия 105 елге фундук экспорттады

Түркия үстіміздегі жылдың алғашқы 4 айында 93 мың 437 тонна фундук экспорттады.

Түркия 105 елге фундук экспорттады

Түркия үстіміздегі жылдың алғашқы 4 айында Италия, Германия және Франциядан бастап 105 елге фундук экспорттады.

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағы мағлұматтарына қарағанда жылдың қаңтар-сәуір арасында 93 мың 437 тонна фундук экспортталып, 570 миллион 178 мың 85 доллар табыс түсті.

Фундук экспорты осы кезеңде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда көлемі тұрғысынан 4 пайыз, бағасы тұрғысынан 2 пайыз өсті.

Экспортта 148 миллион 997 мың 996 доллармен Италия алғашқы орын алды.

Осы елден кейін 105 миллион 81 мың 101 долларлық экспортпен Германия және 51 миллион 368 мың 290 долларлық экспортпен Франция келеді.



Ұқсас жаңалықтар