Түрік фирмаларын еліне шақырды

Ирак президенті түрік делегациясын қабылдады.

Түрік фирмаларын еліне шақырды

Ирак президенті Берхем Салих түрік фирмаларының қайта құру шеңберінде еліне инвестиция салуға шақырды.

 Ирак президенттік аппараттың жазбаша хабарламасына қарағанда, Салих Түркияның Ирактағы өкілетті және төтенше елшісі Фатих Йылдыз,  Түркия Мердігерлер одағының басшысы Митхат Йенигүн және қасындағы делегацияны қабылдады.

Салих Ирак және Түркия арасындағы тамырлы қатынастарға назар аударып,  екі ел арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығының нығайтылуы керектігін білдірді.

Ирак президенті Ирактың инвестицияға мұқтаж екенін айтып, құрылыс секторында үлкен тәжірибесі бар түрік фирмаларын еліне шақырды.

Өкілетті елші Йылдыз да түрік фирмаларының Иракта ірі жобаларға атсалысуға дайын екенін айтты.

Ирактың бас қаласы Бағдатта кеше «Ирактың қайта құрылуы үшін Түркия-Ирак құрылыс форумы» өткізілді.

Форумға Ирак Сауда министрі Мұхаммед Хаши әл Ани, Түркия елшісі, түрік және ирактық мердігерлер қатысты.



Ұқсас жаңалықтар