Әлемдегі ең ауыр алтын ванна Жапонияда жасалды

Салмағы 154.2 килограм ваннаның құны мөлшермен 7.1 миллион доллар.

Әлемдегі ең ауыр алтын ванна Жапонияда жасалды

Әлемдегі ең ауыр алтын ванна Жапонияда жасалды. 

Жапонияның ұлттық Киодо агенттігінің хабарына қарағанда елдің оңтүстік-батысындағы Нагасаки уәлаятының Сасебо қаласындағы бір арасан базасындағы алтын ванна Гиннесс Әлем рекордтары кітабына кірді.

154.2 килограм салмағындағы және 18 сынама таңбалы алтыннан жасалған ваннаның мөлшермен 7.1 миллион долларлық ( 41 миллион түрік лирасы) құнға ие екені жарияланды.

Алтын ваннаның диаметрі 1.3 метр. 

Токиодағы зергерлер тарапынан жасалған және практикалық қолданысы Гиннесс тарапынан да мақұлданған алтын ваннаның сағаттық қолдану ақысы 5 мың 400 иен, яғни, мөлшермен 280 түрік лирасы екені білдірілді.  



Ұқсас жаңалықтар