Стамбулдан Марракешке рейс басталды

Түрік Әуе жолдары Марокконың туристік қаласы Марракешті желісіне енгізді.

Стамбулдан Марракешке рейс басталды

Түрік Әуе жолдары Марокконың туристік қаласы Марракешті желісіне енгізді.

ТӘЖ Баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда, Марракеш түрік авиакомпаниясының Мароккодағы екінші, жаһандық деңгейдегі 308-ші пункты болды.

Стамбул-Марракеш-Стамбул бағытындағы рейстер 15 сәуір күні басталды.  Осы рейс аптасына бес рет игеріледі.

Топырағының түсіне орай «Қызыл қала» деп те аталған Марракеш туристтер және жиһангездерге Солтүстік Африканың барлық тартымдылығын ұсынады.  Тарихи ғимараттар,  атақты мешіттер мен түрлі гүл бақтарын Атлас тауының етегінде табыстырған қала әлемнің ең көп таңдалған туризм орталықтарының біріне айналып отыр.

Тарихта Марокконың бірінші астанасы болған қаланың аты жергілікті тілде «Тәңірдің елі» деген мағынаға келеді.

Түрік авиакомпаниясының ұшақ рейстері жөнінде кең мағлұматты "www.turkishairlines.com"  адресінен, 444 0 849 нөмірлі телефоннан білуге болады.



Ұқсас жаңалықтар