АҚШ Еуроодақтың 11 миллиард долларлық өніміне салық салады

Дональд Трамп ЕО-ның құны 11 миллиард долларға жеткен кейбір өнімдеріне кеден салығын салатындарын хабарлады.

АҚШ Еуроодақтың 11 миллиард долларлық өніміне салық салады

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Еуропа Одағының құны 11 миллиард долларға жеткен кейбір өнімдеріне кеден салығын салатындарын хабарлады.

Твиттер желісінен мәлімдеме жасаған Дональд Трамп:

"Әлем Сауда Ұйымы Еуропа Одағының Airbus-қа берген субсидия мүмкіндіктері АҚШ-қа нашар әсер жасағанын анықтады. Енді АҚШ Еуропа Одағының құны 11 миллиард долларға жеткен өнімдеріне кеден салығын салады. Еуроодақ жылдар бойы саудада АҚШ-тан пайдаланды. Бұл жағдай жақында өзгереді" деп көрсетті. 

Трамптың аталмыш шешімі Ақ Үйде өзіне тіке қарасты АҚШ Сауда өкілеттігінің Airbus компаниясына берілген субсидия мүмкіндіктеріне қарымжы ретінде салық салынатын өнімдердің тізімін тіркеуінен кейін жасалды.  

АҚШ Сауда министрлігі де Еуропа Одағының Airbus-қа берген қаржылық қолдауын сылтау етіп, авиациялық өнімдер, сүт өнімдері және шараптарды қамтыған Еуроодақ елдерінен импорт етілген көптеген өнімнің тізімін Ақ Үйге ұсынған болатын.

Сауда министрлігі Еуропа Одағының Airbus-қа берген қаржы қолдауы АҚШ-ты жылдық 11 миллиард долларлық зиянға ұшыратуда деп қарайды. 



Ұқсас жаңалықтар