Министр Чавушоғлу Голландияға барды

Сыртқы істер министрі Голландияда түрік экономикасы мен соңғы жарияланған жаңа экономикалық бағдарлама жайлы мәлімдеді.

1181427
Министр Чавушоғлу Голландияға барды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Голландияда түрік экономикасы мен соңғы жарияланған Жаңа экономикалық бағдарлама жайлы мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу Түркия-Голландия конференциялары аясында барған Голландияның бас қаласы Амстердамда кеше түрік және ағылшын іскерлермен бас қосты.

Голландия өнеркәсіпшілер мен қожайындар одағы (VNO-NCW) тарапынан ұйымдастырылған жиналысқа Голландия Сыртқы істер министрі Стеф Блок, Түркияның Гаагадағы өкілетті елшісі Шабан Дишли, Голландияның Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Маржанне де Квастаниет (Marjanne De Kwaasteniet), Доғуш Голдинг, Гарантия банкі, Ренессанс өкілдерімен түрік және голландиялық іскерлер қатысты.

Министр Чавушоғлу ел көлемінде экономикалық, сауда-саттық жаңалықтар жайлы ықпалдасу мен баяндамалар жасалған жиналыста түрік экономикасы мен соңғы жарияланған Жаңа Экономикалық Бағдарлама туралы мәлімдеме жасады.

Халықаралық демократтар одағы Голландия басшыларымен де бас қосқан Чавушоғлу кейін Түркия-Виттенбург конференциясы аясында жүзеге асқан 7-ші Түркия-Голландия конференциясына қатысты.

Конференцияның ашылу баяндамасын жасаған Чавушоғлу екі елдің жаһанданумен келген міндеттемелер мен мүмкіншіліктерге үйрене алатын күш пен тәжірибеге ие екеніне назар аударды.

Чавушоғлу Түркия мен Голландияның экономика, қауіпсіздік пен террормен күрес тақырыптарында ауқымды ынтымақтастығына ризашылығын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар