Түркия мен Ресей бірігіп тікұшақ өндіруі мүмкін

Андрей Богинский Түркиямен бірігіп тікұшақ өндіру мүмкін екенін білдірді.

1180595
Түркия мен Ресей бірігіп тікұшақ өндіруі мүмкін

Ресей «Вертолеты» холдингінің бас директоры Андрей Богинский Түркиямен бірігіп тікұшақ өндіру мүмкін екенін білдірді.

Богинский Түркияда өндірілген тікұшақ бөлшектерін қолданып,  орыс тікұшағын жасап шығаруға болатынын айтты.

Ол Түркияның әскери тікұшақ өндіруде табысты екенін тілге тиек етті.  «Бұған азаматтық салада әлеует бар деп ойлаймыз» деді ол.

Богинский: «Түрік бөлшектерімен өндірілген орыс тікұшақтарын Түркияның экономикалық және сауда қатынастары мықты елдердің нарығына сатуға болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар