Сауд Арабиясына қару сататындармен ынтымақтастықты доғарады

Danica Pension компаниясы Сауд Арабиясына қару мен оқ-дәрі сататын фирмалардағы өз үлесін сатады.

1176725
Сауд Арабиясына қару сататындармен ынтымақтастықты доғарады

Danske Bank-тың қожайыны  Danica Pension компаниясы Сауд Арабиясына қару мен оқ-дәрі сататын фирмалардағы өз үлесін сатады.

Даниядағы «Information» газетінің хабарына қарағанда,  данияның ең ірі банкінің қожайыны Danica Pension компаниясы Сауд Арабиясына қару және әскери оқ-дәрі сататын фирмалардағы өз үлестерін сатады.

Danske Bank Asset Management және Danica Pension компаниясының инвестиция директоры Андерс Свеннесен хабарды растады.  Ол мақсаттарының үкіметтің тыйымына қолдау беру екенін білдірді.

Дания үкіметі 2018 жылдың 22 қараша күнгі шешімімен журналист Джемал Хашхаджи қастандығы және Йемендегі гуманитарлық дағдарыстағы ролі себепті Сауд Арабиясына қару саудасын тоқтатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар