Түріксат Дубай жәрмеңкесіне дайындалып жатыр

"CABSAT 2019" жәрмеңкесі аясында Түріксаттың ең жаңа қызметтері кәсіп саласының және зияратшылардың тамашалауына ұсынылады.

1159616
Түріксат Дубай жәрмеңкесіне дайындалып жатыр

Түріксат Ортақтық компаниясы 12-14 наурыз күндері арасында Дубайда ұйымдастырылатын Орталық Шығыстың ең үлкен ақпарат-таралым жәрмеңкесі "CABSAT 2019"-қа  қатысуға дайындалып жатыр.

Түріксат Ортақтық компаниясынан жасалған мәлімдемеге қарағанда, Түріксат Ортақтық компаниясы Дубай Әлем Сауда орталығында 12-14 ақпан күндері арасында зияратшыларды күтіп алатын жәрмеңкеде ұлтра HD 8K ақпарат-таралым және SOTM (Satcom On The Move) антеннасын көрмеге қояды. 

"CABSAT 2019" жәрмеңкесі аясында Түріксаттың ғарышпен хабарласу және сым жолымен таралымдары саласындағы ең жаңа қызметтері кәсіп саласының және зияратшылардың тамашалауына ұсынылады. 

Шығыс орбитасында (50 градус) орналасқан Түріксат 4Б хабарласу жасанды серігі арқылы берілетін және ең жоғары өрелі таралым технологиясы болып табылатын ұлтра HD 8K ақпарат-таралымы Түріксат бөлімінде көрмеге қойылады.

Көрмеге қойылатын Түріксат өндірген SOTM (Satcom On The Move) антеннасы әрекет күйіндегі көліктердің теңізде және құрлықта жасанды серіктің дәнекерімен экономикалық және жалғасты қызмет ету мүмкіндігін береді.



Ұқсас жаңалықтар