Ресейге лимон экспорты 10 миллион доллардан асты
Шығыс Қаратеңізден Ресейге қаңтарда 3 мың 365 тонна лимон сатылды.
1153917

Түркиядан Ресейге жылдың алғашқы айында 10 миллион 172 мың 644 долларлық лимон экспорт етілді.
Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар Одағының санағына қарағанда, қаңтар айында Ресейге 18 мың 60 тонна лимон сатылды.
Ресейге өткен жылы 13 мың 69 тонна лимон экспорт етілген, бұл саудадан 8 миллион 969 мың 50 долларлық кіріс кірген болатын.
Аталмыш кезеңдер өзара салыстырылғанда биыл Ресейге лимон экспортының мөлшері 30 пайыз, ал түскен кіріс те 13.4 пайыз артқан.
Шығыс Қаратеңізден Ресейге жылдың алғашқы айында 3 мың 365 тонна лимон сатылып, бір миллион 879 мың 572 долларлық пайда түсті.
Осы мезгілде аймақтан жасалған лимон экспорты 68 пайыз, түскен пайдасы да 41 пайыз артты.
Ұқсас жаңалықтар

Тұтынушы сенім индексі 4 пайыз артты
Түркия статистикалық мекемесі қаңтар айына қатысты тұтынушы сенім индексін жариялады.

Түркияның техника экспорты 17,1 миллиард доллардан асты
Техника Экспортшылар Одағы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.