Өндіріс базасын жабады

Honda Ұлыбританиядағы өндіріс базасын жабуға шешім қабылдады.

1148499
Өндіріс базасын жабады

Жапонияның автокөлік алпауыты Honda Ұлыбританиядағы өндіріс базасын жабуға шешім қабылдады.

Ағылшын медиасында жарияланған хабарға қарағанда,  Honda компаниясы Ұлыбританияның оңтүстік батысындағы өндіріс базасын 2022 жылы жабуға шешім қабылдады.

Егер осы база жабылатын болса шамамен 3500 қызметкер жұмыссыз қалады. Премьер-министр Тереза Мэйдің компанияның осы хабарынан кейін тақырыпты талқылауы жоспарлануда.

Honda-ның осы базасында жылына шамамен 160 мың көлік өндіріледі.

Өндірістің 90 пайызы Еуропалық одақ пен Америка Құрама Штаттарына сатылады.



Ұқсас жаңалықтар