Эгей портына үлкен туристік кеме тоқтады

Айдынның Кушадасы ауданына 2019 туризм сезонының алғашқы крейсер кемесі келді.

Эгей портына үлкен туристік кеме тоқтады

Эгей портына үлкен туристік кеме тоқтады.

Айдынның Кушадасы ауданына 2019 туризм сезонының алғашқы крейсер кемесі келді.

Ұлыбританияның «Black Watch» атты кемесі 550 жолаушысымен таңғы уақыттарда Айдынның Кушадасы ауданындағы Эгей портына келіп тоқтады.

Эгей портына аялдаған крейсерден түскен  жолаушылардың көбі Ұлыбритания азаматы еді. Олардың кейбіреулері Эфес және Мариям Ана секілді тарихи жерлерді араласа, кейбіреулері қала орталығын аралап,  сыйлықтар алды.

Журналисттерге мәлімдеме жасаған Эгей порты директоры Азиз Гүнгөр «Black Watch» атты кеменің 107 күндік әлем  турына шыққанын білдіріп, «Көп сандысы ағылшын болған 550 жолаушы және  372 қызметкерімен таңғы уақыттарда портымызға келіп тоқтады. Кеме сағат 20:00-ге дейін портымызда болады. Одан кейін Италияға қарай жол алады» деді.

 


Этикеттер: Эгей , Кушадасы , турист

Ұқсас жаңалықтар