Түркияның Венесуэлаға экспорты үш есе артты
Түркияның Венесуэлаға жасаған экспорты 2018 жылы 223 пайыз артып, 120 миллион 800 мың долларға ұласты.

Түркияның Венесуэлаға экспорты үш есе артты.
Түркиядан Венесуэлаға жасалған экспорт өткен жылмен салыстырғанда 223 пайыз артып, 37 миллион 432 мың доллардан 120 миллион 800 мың долларға шықты.
Түркия 2017 жылы Венесуэлаға 37 миллион 432 мың долларлық экспорт жасаған еді.
Қарым-қатынастардың жақсаруы және Венесуэланың экономикалық қиыншылықтарынан кейін Түркияның осы елге жасаған экспорты 2018 жылы 223 пайыз артып, 120 миллион 800 мың долларға ұласты.
Венесуэлаға экспорт биыл да тез қарқынмен бастады.
2018 жылы қаңтар айында 1 миллион 752 мың доллар болған кезде, биыл қаңтар айында бұл санақ 411 пайыз артып, 8 миллион 958 мың долларға көтерілді.
Түркияның өнімдері дәмінің кереметтігі, сапасының жақсылығы және бағасының арзандығымен ерекшеленеді.
Ұқсас жаңалықтар

Индонезия мұнай танкерлерін тоқтатты
Танкерлер толық тергеу жүргізу мақсатымен Батам аймағына тоқтатылған.