Иракқа қаржылай көмек берді

Кувейт Ирактың қайта салынуы үшін осы елге 85 миллион доллар көмек бергенін білдірді.

1143424
Иракқа қаржылай көмек берді

Кувейт Ирактың қайта салынуы үшін осы елге 85 миллион доллар көмек бергенін білдірді.

Кувейт Даму фондының хабарламасына қарағанда, өткен жылы болған Кувейт конференциясында Ирак үшін уәде берілген 100 миллион долларлық көмек шеңберінде осы елге 85 миллион доллар берілді.

Аталмыш қаржылай көмек Иракта терроризмнен зиян шеккен аймақтарда 32 медициналық орталық пен аурухана үшін жұмсалды.

2018 жылдың ақпан айында Кувейтте «Ирактың Қайта салынуы» тақырыпты конференция ұйымдастырылып еді.

Ирак әкімшілігі елдің 10 жылда қайта салыну үшін 88,2 миллиард доллар керектігін жариялаған болатын.


Этикеттер: #Ирак , #Кувейт , #көмек

Ұқсас жаңалықтар