Түркияның Катарға экспорты 62 пайыз артты

Түркияның Катарға экспорты 2018 жылы 1 миллиард 18 миллион долларға ұласты.

1135746
Түркияның Катарға экспорты 62 пайыз артты

Түркиядан Катарға жасалған экспорт 2018 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 62 пайыз артып 630 миллион доллардан 1 миллиард 18 миллион долларға ұласты.

Катарға экспортталған тауарлар тізімінде химиялық материалдар мен өнімдері саласы 117 миллион доллармен бірінші орын алса, екінші орынды әрқайсысы жүз миллион долларлық экспортпен цемент пен электр-электроника салалары орын алды. Темір және темірден тыс метал саласы 92 миллион доллар, қорғаныс өнеркәсібі саласы 83 миллион доллар экспорт жасалды.

Екі ел арасында 2018 жылы қол қойылған Еркін сауда келісімі Катарға экспортты арттыру үшін ыңғайлы ортаны қамтамасыз етті.



Ұқсас жаңалықтар