Тағамдық зәйтүн экспорты артты

Давут Ер 2018-2019 маусымында тағамдық зәйтүн экспортының 150 миллион доллардан асатынын айтты.

1134522
Тағамдық зәйтүн экспорты артты

Тағамдық зәйтүн  экспорты артты.

Эгей зәйтүн және зәйтүн майы экспортшылар одағы төрағасы Давут Ер 2018-2019 маусымында тағамдық зәйтүн экспортының 150 миллион доллардан асуын күткендерін білдірді.

Эгей экспортшылар одағы тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда 2018-2019 маусымының алғашқы ширегінде тағамдық зәйтүн экспорты 23 пайыздық артумен 41 миллион 564 долларға ұласты.

Мәлімдемеде экспортта жасыл тағамдық зәйтүн 85 пайыз, қара тағамдық зәйтүн 11 пайыз артқаны баяндалды. Сондай-ақ осы барыста Венесуэла, Италия және Грекияға тіпті көп сатылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде  Эгей зәйтүн және зәйтүн майы экспортшылар одағы төрағасы Давут Ердің сөздеріне орын берілді. Давут Ердің айтуынша Түркияның соңғы 15 жылда зәйтүн ағаштарының саны 90 миллионнан  177 миллионға шығарылды.



Ұқсас жаңалықтар