Түрік авиакомпаниясынан Лусакаға рейс

Түрік Әуе жолдарының Африкада 55-ші ұшу пункті Лусака болды.

Түрік авиакомпаниясынан Лусакаға рейс

Түрік Әуе жолдарының  (THY) Африкада 55-ші ұшу пункті Лусака болды.

Африкадағы ұшу пункттерін арттырған авиакомпания Замбияның бас қаласы Лусака рейстерін бастады.  Лусакаға аптасына екі рет рейс болады.

Түрік авиакомпаниясының хабарламасына қарағанда, Түрік Әуе жолдары Лусака рейстерімен бірге ұшу желісін 124 ел және 306 пунктке кеңейтіп, ең көп ел және ең көп халықаралық бағытқа ұшатын авиакомпания болуын жалғастыруда.

Замбияның ең ірі қаласы – Лусака елдің оңтүстігінде орналасқан.

Табиғат және табиғи тұрмыс туризмі тұрғысынан елдің ең маңызды туризм орталығы және әлемнің жеті табиғи кереметінің бірі саналатын Виктория сарқырамасы Лусаканың оңтүстік батысында.



Ұқсас жаңалықтар