Ереуілдердің Франция экономикасына болымсыз ықпалы

Ереуілдер салдарынан сауда-саттық орталығына баратын адамдар санының 17 пайыз азайғаны білдірілді.

1104301
Ереуілдердің Франция экономикасына болымсыз ықпалы

 Ереуілдер салдарынан сауда-саттық орталығына баратын адамдар санының 17 пайыз азайғаны білдірілді.

Франция экономика министрі Брюно Ле Мэз «сары жилеттердің» ереуілдерінің ел экономикасының 2018 жылының соңғы 3 айындағы өсуіне 0,1 балл ықпал жасайтынын білдірді.

Министр Ле Мэз RTL радиосына жасаған мәлімдемесінде 17 қарашада басталған ереуілдердің Франция экономикасының 2018 жылының соңғы 3 айындағы өсуіне 0,1 балдық болымсыз ықпал жасайтынын күткендерін атап өтті.

Осы барыста сенбі күні өткізілетін ереуілдер салдарынан сауда-саттық орталығына баратындар санының 17 пайыз азайғаны білдірілді.

Ішкі істер министрлігінің мағлұматына қарағанда «сары жилеттердің» сенбі күнгі ереуілдеріне  136 мың адам қатысты. Шыққан оқиғаларда 2 мыңнан астам адам ұсталды және 1 мың 700-ден көп адам бақылау астына алынды.  

 

 



Ұқсас жаңалықтар