Министр инвесторлармен сөйлеседі

Берат Албайрак шетелдік инвесторлармен телеконференция арқылы кездеседі.

1031968
Министр инвесторлармен сөйлеседі

Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак 16 тамыз бейсенбі күні шетелдік инвесторлармен телеконференция арқылы кездеседі.

Қазына және қаржы министрлігінен алынған мәліметке сай,  аталмыш телеконференция Түркия уақытымен сағат 16.00-де, Нью-Йорк уақытымен сағат 09.00-да басталады.

Шетелдік инвесторлармен алғашқы телеконференция кездесуін өткізетін министр Албайрак соңғы экономикалық ахуал жөнінде жаһандық инвесторларға айтарын тікелей жеткізеді.

Телеконференцияға Америка Құрама Штаттары,  Еуропа және Таяу Шығыстағы инвесторлар қатысуы жоспарланып отыр.



Ұқсас жаңалықтар